Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб Нұр-Сұлтанда жағдай тұрақтанғанын хабарлайды
Қабылданған шешімге сәйкес қала аумағында 27 қаңтар күні сағат 00:00-ден бастап террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі жойылады, — делінген хабарламада.
Штабта күш құрылымдары штаттық жұмыс режиміне көшкенін хабарлады.
Айта кетейік, 26 қаңтардан бастап Алматыда террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жоғары «қызғылт сары» деңгейіне ауысты.