Порошенкоға қатысты қылмыстық қудалауды саяси қуғын-сүргін деп атады

Киев қалалық кеңесінде Порошенконың «Еуропалық ынтымақтастық» партиясынан Жоғарғы Рада депутаты Алексей Гончаренконың Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенкоға қатысты «саяси қуғын-сүргінге» жол бермеу туралы мәлімдемесі қаралды.

«Киев кеңесінде 64 «жақтап» дауыс бергендіктен сессияның күн тәртібіне Украинаның бесінші президентіне (Порошенко — ред.) қарсы саяси қуғын-сүргінге жол бермеу туралы үндеуді енгізілді», — деп жазды Гончаренко өз Telegram-арнасында.

Жуырда Киевтің Печер аудандық соты Порошенкоға мемлекетке опасыздық жасады деген іс бойынша сотқа және құқық қорғау органдарына келуге өз міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындаған. Сот айыптаушы тараптың бұрынғы Украина президентін тұтқындау немесе $35,8 млн кепілдікпен бостандықта қалдыру туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Порошенко 2014-2015 жылдары Донбасс көмірін жеткізу туралы қылмыстық іске қатысы бар. Қылмыстық іс Украина Қылмыстық кодексінің «Терроризмді қаржыландыру», «Мемлекеттік опасыздық» және «Террористік ұйым құру» баптары бойынша қозғалды. Порошенконың мүлкі тәркіленіп немесе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Добавить комментарий