Қазақстанның жаңадан тағайындалған Премьер-министрі Түркиямен өзара қарым-қатынасты нығайтуды жалғастыратынын мәлімдеді. «Түркия Республикасы – Қазақстанның сенімді әрі стратегиялық серіктесі. Қазақстан Үкіметі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады», — деді Смайылов.
Қазақстан Үкіметі басшысының Түркия вице-президентімен телефон арқылы сөйлесу барысында Фуат Октай қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Түркияның Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $3,74 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 32%-ға артық және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден анағұрлым асып түседі. ҚР Тәуелсіздік жылдарында Түркия Қазақстан экономикасына шамамен $5 млрд инвестиция салды, ҚР-ның ТР-ға салған инвестиция көлемі $1,1 млрд құрады.