Жаңаөзенде газ өңдеу зауытының директоры ұсталды

Жаңаөзен газ өңдеу зауытының директоры газ бағасын негізсіз көтергені үшін ұсталды.

Сондай-ақ, сұйытылған газды сатумен айналысатын электрондық сауда алаңының басшысы ұсталды.

Жаңаөзенде зауыт басшысы газ бағасын негізсіз көтерді.

Аталған факті бойынша ҚР Қаржы мониторингі агенттігі сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

«Қазақ газ өңдеу» зауыты бүкіл Маңғыстау облысын және Қазақстанның басым бөлігін сұйытылған газбен қамтамасыз етеді.

5 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдады. Премьер-министрдің міндетін уақытша атқарушы Әлихан Смайылов болып тағайындалды.

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал бойынша кеңес өткізіп, сұйытылған газ бағасының көтерілуіне байланысты халықтың наразылыққы шығуына кінәлілерді атады, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөнінде бірқатар қосымша тапсырмалар берді.

Добавить комментарий