Қарағандыда караоке клубқа келген адам оқ жарақатын алды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қарағандыда караоке клубқа келушілер мен мекеме күзетшілері арасында қақтығыс орын алғанын хабарлады.

«3 қаңтарда сағат 02:00 шамасында келушілер мен «Жаным сол» караоке-клубының күзетушілері арасында қақтығыс орын алып, салдарынан 23 жастағы қала тұрғыны медициналық мекемеге оқ жарақатымен түсіп, ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша «кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталды. Қару тәркіленді. Әр адамның жасалған қылмыстағы рөлін анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Добавить комментарий