Қазақстан батыс елдерімен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі

КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан капиталистік құрылымды қабылдап, нарықтық экономикаға көшті. Бұл өз экономикалық саясатын жүргізу, экономиканы жаңғырту мен реформалау қажеттілігіне алып келді. Қазақстан Орталық Азия аймағындағы басқа елдермен салыстырғанда жаңа жағдайға жақсырақ бейімделді.

Қазір ҚР — экономикасы тұрақты және әлеуеті мол мемлекет. Қазақстанның басқа Орталық Азия елдерімен байланыстыратын фактор Ресей Федерациясымен бірге одаққа мшелігі.

«Осы жылдар ішінде Мәскеу Орталық Азия елдерінің ішкі істеріне араласып келді. Бұл әсіресе РФ-ның қазіргі президенті Владимир Путиннің билік басына келгеннен кейін айқын байқалды. Оның билігінде Мәскеу экономикалық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай қуатты одақтас мемлекетті қайта жаңғыртуға көп көңіл бөлді».

Фото: Қазақстан билігі Батыс елдерімен қарым-қатынасты дамытуға ниеті екенін бірнеше рет айтты

«ҚР Үкіметі Орталық Азияның барлық елдерімен терең әрі жемісті ынтымақтастыққа назар аударуға, сондай-ақ батыс елдерімен қарым-қатынасты нығайтуға бар күш-жігерін салуда. Қазақстанның Мәскеудің қатысуынсыз неғұрлым тығыз аймақтық ынтымақтастықты және АҚШ-пен және басқа да батыс елдерімен арадағы қарым-қатынасын неғұрлым қарқынды етуге деген құлшынысы түсінікті. Халықаралық аренадағы Ресей мен Батыс арасындағы қақтығыс РФ-ны одан әрі геосаяси жалғыздыққа ұшырауға итермелеп отыр. Қазіргі таңда Ресейді мақсатына қол жету үшін тұрақтылық пен басқа елдермен бейбіт қарым-қатынасын құрбан етуге дайын ел ретінде қабылдайды».

«Мәскеудің мұндай саясаты деструктивті болып табылады және Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқа елдердің қолдауына ие болмауда», — дейді батыстық саясаттанушылар. Мәскеудің ұсыныстарына қарамастан, Қазақстан осы уақытқа дейін экономикалық ынтымақтастық шеңберінен шығатын ЕАЭО аясындағы интеграциялық процесс бойынша ешқандай ұсынысын қабылдамады. «ҚР мен АҚШ қарым-қатынасында шикілік жоқ және көптеген мәселелер бойынша ортақ шешімге келе алады. Мәселен, АҚШ тарапынан Ресей мен Қытайға салынған санкциялардың Орталық Азия мемлекетінің экономикасысана әсер етпеуін қарастырады. Сондай-ақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Вашингтон Кеңейтілген стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның шолу кеңесі аясында стратегиялық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Фото: Қазақстан билігі Батыс елдерімен қарым-қатынасты дамытуға ниеті екенін бірнеше рет айтты

Айта кету керек, тек ҚР ғана Америкамен байланысты нығайтуға тырысып жатқан жоқ. Мәселен, қыстың басында Өзбекстан мен АҚШ арасындағы Стратегиялық әріптестік диалогының инаугурациялық отырысы өтті. Екі тарап та Өзбекстанда бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға америкалық инвесторлар мен ірі компанияларды тартуға қызығушылық танытты.

Добавить комментарий