Қазақстан билігі Қазақстанға ревакцинация жасау үшін ресейлік «Спутник лайт» вакцинасын жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде.
Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты.
«Жеткізушілермен күнделікті келіссөздер жүргізіледі. «Спутник лайт» бойынша келіссөздер аяқталды», — деді Есмағамбетова.
Оның айтуынша, шамамен 1 млн доза 2022 жылдың 1 тоқсанында жеткізіледі. Оның ішінде 150 мыңы 2022 жылдың қаңтар айының басында жеткізіледі.