Синоптиктердің хабарлауынша, ертең Қазақстанда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады.
Солтүстік және орталық облыстарда қар жауады, оңтүстікте ылғалды қар жауады, жолда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, солтүстік-шығыстан 4-11 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 16-18 м/с жетеді.
Оңтүстіктің жекелеген аудандарында тұман түседі, көру мүмкіндігі 200-500 метрге төмендейді.
Солтүстік және орталық облыстарда түнде −26… −8 °С болады, күндіз ауа температурасы −20… −4 °С болады.
Еліміздің батысында ауа температурасы түнде −20… −3 °С , күндіз термометр бағаналары −11… + 2 °С көрсетеді.
Еліміздің шығыс бөлігінде түнде −11… −7 °С, күндіз ауа температурасы −5… −3° С дейін көтеріледі.