Мектеп директоры жасөспірімді қағып кетті

Қостанай облысында мас күйде көлік тізгіндеген мектеп директоры жасөспірімді қағып кетті.

14 жасар қыз көлік астында түсіп кетті. Жол апаты 20 желтоқсан күні кешкісін орын алған.

Volkswagen Polo маркалы көлікті Уәлиханов атындағы мектептің 62 жастағы директоры тізгіндеген.

«Көлік жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. ЖКО фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, сараптама тағайындалды, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, ол аздап қорқып қалған. Толық тексеріліп, кейін үйіне жіберілді.

Қостанай облысының білім басқармасы егер құқық қорғау органдары талап етсе, директорды жұмыстан шеттететінін хабарлады.

«Қазір мектеп директоры ауруханада жатыр. Сондықтан заң бойынша қандай да бір шара қолдануға құқығымыз жоқ. Ол жұмысқа шыққаннан кейін мәселені білім бөлімі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қарайды», — деп түсіндірді білім басқармасының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий