Алматы облысы Іле ауданында жүгері тиеу кезінде ер адам қаза тапты. ТЖМ баспасөз қызметі қайғылы оқиға 20 желтоқсанда түнде Байсерке ауылында болғанын хабарлады.
ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Іле ауданындағы Байсерке ауылында металл конструкциямен жүгері тиеу кезінде адам жаншылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы оқиға орнына шұғыл жетті. Олар келгенде зардап шеккен адамның қайтыс болғанын анықтады. Құтқарушылар темір кескіш араның көмегімен металл конструкциян кесіп тастады. Оны кранның көмегімен көтеріп, қаза тапқан адамның денесін алып шықты. Марқм 1982 жылы туған ер адам.