Мұнай бағасының құлдырауы аясында доллар бағамы көтерілуде

Қазақстанда доллар бағамы 440 теңгеге дейін қымбаттады.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша 20 желтоқсан күні доллар бағамы 436,35 теңгені құрады.

Сәрсенбіден бері доллар 0,8 теңгеге, бір айда 4,74 теңгеге қымбаттады. Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде долларды 437,7 теңгеден сатып алып, 439-439,5 теңгеден сатады.

KASE-те рубль бағамы 5,91 (0,02 теңгеге) теңгеге дейін арзандады.

20 желтоқсанда ICE биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мнайдың бағасы барреліне 70,24 долларды құрады. Әлемдік мұнай бағасы коронавирусқа байланысты сұраныс азаяды деген қауіпке байланысты 5%-ға дейін арзандады.

Добавить комментарий