Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенті өз-өзіне қол жұмсады.
Әлеуметтік желілерде жас жігіттің өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарап жатыр.
«Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», — деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Қылмыстық істі Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіледі.
Біз студентіміздің қайғылы қазасы туралы өкінішті хабар алдық. Студенттің отбасы мен туған-туыстарының, достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Университет өз тарапынан марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді, деп хабарлады Қазақстан-Британ техникалық университеті.