Қырғызстан мен Қазақстан көлік қатынасын жаңғырту мәселесін талқылауда

Қырғызстан коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналанған азаматтардың қатынауы үшін елдер арасындағы көлік құралдарының қозғалысын қалпына келтіру туралы ұсыныс жасады.

Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровтың Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде тараптар ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады. Оның ішінде Қырғызстан азаматтарының көлік құралдары арқылы шекарадан өту мәселесі болды.

«Екі елдің коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау туралы паспортты өзара танығанын ескере отырып, Қырғызстанның вакцина алған азаматтары үшін Қазақстанның шекарасынан өтуіне жәрдемдесуіңізді сұраймын», — деді Ақылбек Жапаров.

Қазір Қырғызстан азаматтары тек әуе қатынасы арқылы Қазақстанға келе алады. Бұл ретте Қазақстан азаматтары үшін Қырғызстан аумағына кіру үшін шектеу жоқ.

Қырғызстан 2020 жылдың 1 наурызынан бастап коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты ID-карта бойынша мемлекеттік шекараны кесіп өтуге уақытша тыйым салды.

Қырғызстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты 2021 жылдың сәуір айының соңына дейін Бішкектен Ресей, сондай-ақ Үрімші және Алматы қалаларына кейбір халықаралық әуе рейстері тоқтатылды, деп хабарлайды сейсенбі күні «Манас» әуежайының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий