Алексей Навальный колонияда істейтін жұмысын таңдады. Ол тігін цехында жұмыс істейтін болады.
Оппозиционер орыс тілінде аталған мамандықтың аталық тегі болмағанына шамданды
Ол түзеу мекемесінің бастығы «тәрбиелеу мақсатында» жұмысқа тартуға шешім қабылдағанын хабарлады. Навальныйға аспазшы, наубайшы, қосалқы жұмысшы, сондай-ақ тігін цехында жұмыс істеу ұсынылды.
«Маған наубайшы болып жұмыс істеген ұнайды- ақ қалпақ киіп, бүйіріме қолымды қойып, пеште пісіп жатқан нанға қарап тұрып, бір нәрсе ойлап күліп тұрғанымды елестетемін. Дегенмен, мен номенклатуралық лауазымдардан алшақ болуды ұйғардым да, тігін цехына жазылдым. «Адамдар массасына» жақын болғым келді», — деп жазды оппозиционер Instagram-дағы парақшасында.