Украина АҚШ пен Канаданың әскери контингентіне мұқтаж емес екенін мәлімдеді

Украина үкіметі АҚШ пен Канаданың әскері әлеуетіне мұқтаж емес екенін, дегенмен әскерді жаңғырту қажеттігін мәлімдеді.

Елімізге қару-жарақты жаңғырту қажет, деп атап өтті Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников.

«Бізге Украина үшін соғысатын Американың немесе Канаданың сарбаздары қажет емес. Біз өзіміз-ақ соғысамыз, бірақ бізге қару-жарақты жаңғырту қажет», — деді ол дүйсенбі күні CNN телеарнасына берген сұхбатында.

Резников Ресей рұқсат етілген шекарадан кесіп өтетін болса «өркениетті елдер ойланбастан әрекет ететініне» сенім білдірді, ал журналисттің Украина АҚШ пен НАТО-ның әскери көмегіне Ресей билігін қарымта шара қабылдау ықтималдығынан қорықпайды ма деген сұраққа «Ресейді арандатпау идеясы іске аспайды» деп жауап берді.

Соңғы уақытта Батыс елдерінде, сондай-ақ Киевте Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін деген болжамдар ​айтылып жатыр. РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұны араздықты одан әрі қоздыру үшін таратылған ақпарат деп атады. Ол Ресей ешкімге қауіп төндірмейтінін атап өтті. Бұл ретте ол Украинаның Оңтүстік-Шығысындағы дағдарысты күшпен шешетін болса, салдары ауыр болатынын ескертті.

Сондай-ақ Песков Ресейдің Украинаға норманд форматы мен Минск келісімдеріне адалдығын сақтай отырып Донбасстағы қақтығысты шешуге көмектесу үшін бар күш-жігерін салатынын айтты.

Добавить комментарий