Ресей Қазақстанға қалай ықпал етуде: сарапшының пікірі

«Мәскеу қазақ халқының ұлттық бірегейлігін күшейтуге бағытталған Қазақстан билігінің жекелеген шешімдеріне оң қабақ танытпауда — Мәскеудің тілдік реформаны қатаң сынға алады, себебі ол болашақта орыс тілінің рөлін төмендетіп, жергілікті халық арасында қазақ тілінің маңыздылығын арттырады деп ойлайды», — деп есептейді батыстық сарапшылар.

Сондай-ақ, Ресей ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы шешімін сынға алды. Комиссияның басты міндеті — кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарына қатысты тарихи әділеттілікті толық қалпына келтіру. Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға түсіп, Түркістан легионында фашистер қатарында соғысқан қазақтарды ақтамақ.

«Комиссия тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін құрылды, сондай-ақ бұл қазақстандық қоғамның бастапқы нүктеcі болатын өз тарихын қайта қарастыруға мүмкіндік береді. ҚР президенті қазақстандықтарды тарихты қайта көз жүгіртуге шақырды, өйткені өзінің ұлттық тарихын қайта, толыққанды егемендік бола алмайды», — деп жазады батыстық сарапшылар.

«Ресей посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттерге ықпалын нығайту үшін саяси биліктің осы формасын қолданатын елдердің бірі. Мәскеудің «жұмсақ күш» саясатын жүргізетіні жасырын емес және бұл Ресейдің сыртқы саяси стратегиясының маңызды бөлігі. Аталған стратегия 2016-2020 жылдары «Орыс тілі» арнайы бағдарламасының көмегімен Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда орыс тілі мен мәдениетін насихаттады.  Ресей ықпалын күшейту үшін орыс тілінің пайдаланып, халқына Қазақстанда орыс тілін ақпарат таратып, оны нығайту арқылы өз позициясын күшейтіп жатқанын көрсетуже», — дейді саясаттанушылар.

Добавить комментарий