Қазақстандық синоптиктер ертең, 2021 жылғы 1 желтоқсанда еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжап отыр.
Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаяу боран соғады деп күтілуде.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 5 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -1 градустан + 1 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 8-10 жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 18-20 жылы болады.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз 14-16 градус жылы болады. Облыс аумағында тұман түседі деп күтіледі.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 4-6 градус жылы болады. Облыс аумағында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 7-9 градус жылы болады. Облыс аумағында тұман түседі.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус аяз, күндіз 2 градус аяз болады.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 6-11 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11 градус аяз, күндіз 2 градус аяз болады.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады, жел 9-14 жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады. Облыс аумағында көктайғақ, тұман күтілуде.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы болады.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 16-17 градус аяз, күндіз 5-7 градус аяз болады.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11 градус аяз, күндіз 2 градус аяз болады. Облыс аумағында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы болады.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 11-13 жылы болады. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман күтіледі.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы болады.
Оралда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, жел 9-14 жылдамдықпен соғады, екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градусқа дейін, күндіз 2-4 жылы болады. Облыс аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 8-10 градус аяз, күндіз 2 градусқа дейін аяз болады