Атырау облысында үш баланың анасы мысықты асып қойып, жүйке жүйесін тыныштандырған.
Оқиғаның егжей-тегжейі
Құлсары қаласы Жылой ауданының 38 жастағы тұрғыны мысықты балконға асып қойған. Көршілері мысықтың денесін көріп, полиция шақырған.
Хабарламада айтылғандай, үш баланың анасы өз әрекетін нақты түсіндіре алмады.
Келіншек жүйке жүйесін «тыныштандыру» үшін ай сайын мысық өлтіретіні белгілі болды.
ҚР ҚК-нің 316-бабы «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.
Бұл осы аймақта жануарларға қатысты жасалған зорлық-зомбылықтың екінші фактісі. Өткен аптада балалар күшікті өзенге батырмақ болған.