Болгарияда өткен президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Румен Радевке сайлаушылардың 66,72%-ы дауыс берді.
Болгарияның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) сайлау комиссияларының қорытынды хаттамаларын өңдеуді аяқтап, екінші кезенде елдің қазіргі президенті Румен Радевтің жеңіске жеткенін растады.
Дүйсенбі күні ОСК ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Радевке сайлаушылардың 66,72%-ы (1 539 650 адам) дауыс берген. Жоғары мемлекеттік лауазымға екінші үміткер, София университетінің ректоры Анастас Герджиков 31,8% (733 791) дауыс жинады. Сайлаушылардың 1,48%-ы (34 169) барлығына қарсы болды.
Радев елдің оңтүстік бөлігіндегі Қыржали облысын қоспағанда, барлық өңірлерде жеңіске жетті.
Жексенбі күні Болгарияда президент сайлауының екінші туры өтті, елеулі заң бұзушылық болмады. ОСК сайлаудың ресми нәтижесін және сайлау белсенділігін төрт күн ішінде жариялау керек.