ҚР-дағы ревакцинация: бустерлік екпені кім алады

Қазақстанда азаматтарды ревакцинациялау процесі басталды. Бустерлік екпені барлығы ала алмайды. Бірінші болып вакцинаның үшінші дозасын белгілі бір санаттағы қазақстандықтар ала алады.

22 қарашадан бастап ревакцинацияға:

медицина қызметкерлері;

педагогтар;

күш құрылымдары қызметкерлері;

медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті;

60 жастан асқан адамдар;

Вакциналаудың аяқталған курсынан кейін КВИ-ге қарсы антиденелер анықталмаған иммунитеті әлсіреген адамдар (иммуносупрессивті терапиядағы адамдар (лейкемияны, лимфоманы және миеломаны қоса алғанда, қатты ісікті немесе гематологиялық қатерлі ісікті белсенді иммуносупрессивті емдеу немесе осындай емдеу тоқтатылғаннан кейін 12 ай ішінде), гемодиализдегі адамдар, трансплантат реципиенттері, АИТВ жұқтырған ауыр бастапқы иммун тапшылығы);

өз бетінше тексерілген (КВИ-ге қарсы вакциналаудың алғашқы курсы аяқталғаннан кейін 28 күннен ерте емес) және КВИ-ге қарсы антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдар.

Добавить комментарий