ҚР-да жалғызбасты ата-аналарға ерекше жұмыс жағдайын жасау керек, деп санайды Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалғызбасты ата-аналарға мемлекет деңгейде қалай көмек көрсету керек екенін айтты.

Қазақстан Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің осындай ұсыныс жасады.

«Ерлерге қарағанда әйелдерге жұмыс пен бала күтімін біріктіруге мәжбүрлейтінімізді мойындауымыз керек. Егер ана декреттік демалысқа шықса, ол өзінің кәсіби дағдылары мен құзыреттерін жоғалтады. Нәтижесінде әйелдердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі төмендейді», — деді Президент.

Бірақ ең қиыны жалғызбасты ата-аналар үшін балаларына дұрыс бақылауды ұйымдастыру қиынға соғады. Олар үшін барынша қолайлы еңбек жағдайын жасау қажет.

«Заңнамалық деңгейде жалғызбасты ата-аналарға қашықтан жұмыс істеуге және қысқартылған жұмыс режиміне құқық беруді қарастырған жөн. Дамыған елдерде ірі компаниялар өз кеңселерінен балалар бөлмесін ашады. Мұндай практика бізде де қалыпты дүниеге айналуға тиіс. Ол үшін осы санаттағы жұмысшылардың мүдделерін ескере отырып, еңбек режимін реттеудің тиімді тетіктерін енгізу қажет», — деп қосты Тоқаев.

Бірақ, Президент атап өткендей, еңбек үдерістерінің үзілмеуі мен өнімділікті қамтамасыз ету де маңызды.

Добавить комментарий