Вакцина салдырмаған балалар онлайн оқитын бола ма?

Екпе алмаған балалар мектепке бармай, онлайн режимде оқуға мәжбүр болады. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тез тарап кетті.

Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бастығының орынбасары Әсел Қалықова ӨКҚ-да өткен брифингте коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған балаларға оффайн-оқуға тыйым салына ма деген сұраққа жауап берді. Ол Қазақстанда вакцина салдыру ерікті екенін еске салды.

. «Әрине, ешқандай шектеу қойылмайды. Қазақстанда вакцина ерікті және ата-аналарының келісімімен салынады. Балаға вакцина салу үшін ата-анасының бірі келісім берсе жеткілікті», — деді Қалықова.

Сондай-ақ, ол Алматыда вакцина салуға келісімін беріп жатқан ата-аналардың күн сайын көбейіп келе жатқанын айтты. Нақты санды айту қиын, себебі жағдай үнемі өзгеріп отырады. Қоғамдық денсаулық басқармасы және аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлері тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматыға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді, препарат балаларды, сондай-ақ емізулі баласы бар және жүкті әйелдерді вакциналауға арналған.

Добавить комментарий