Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау жүйесі америкалық Pfizer препаратымен коронавирусты инфекцияға қарсы вакциналау процесін бастауға дайындалып жатқанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік! Сәрсенбі күні кешке Қазақстанға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді.
Атап айтқанда, Бельгиядан Алматы әуежайына COVID-19 қарсы Pfizer вакцинасының 379 080 дозасы жеткізілді. Бұл туралы Қазақстандағы дәрілік заттардың дистрибьюторы «СК-Фармация» хабарлады.
«Жеткізілген дозалар Қазақстан халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина. Бірыңғай дистрибьютор келіп түскен вакцинаны жедел түрде ел өңірлеріне таратады. Алдағы күндері вакциналау үшін қолжетімді болады», — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Қазақстанға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация үшін 4 млн доза америкалық вакцина жеткізілді
Бұған дейін қол қойылған келісім аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған осы препараттың төрт миллион дозасы жеткізу қарастырылған.
«СК-Фармация» өкілі Әйгерім Смайылованың айтуынша, вакцина арнайы қорапшада келді, олар денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына жеткеннен кейін ғана ашылады. Өндіруші ұсынған суық тізбекке қойылатын талаптарға сәйкес ультра төмен температура -60 -90 С режимінде сақтауға арналған мұздатқыш жабдықтар сатып алынды. Вакциналау курсы 21-28 күн аралығында енгізілетін екі дозадан тұрады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомствода хабарлағандай, бірінші кезекте бұл препарат жүкті әйелдерге салынады (жүктіліктің 16-шы аптасынан 37-ші аптасына дейін); емізулі сәбилері бар әйелдер (босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін — 42 күннен кейін); жасөспірімдер (олардың ата-аналарының келісімімен).
Ресми мәліметтер бойынша, 19 миллион халқы бар Қазақстанда коронавирусқа қарсы 7,7 миллион адам толық вакцина алды. Тағы жүздеген мың адам екінші дозаны алады деп күтілуде. Елде негізінен Ресейде әзірленген «Спутник V» вакцинасы пайдаланылады, оны Қарағандыдағы зауытта дайындалады және жергілікті вакцина QazVac вакцинасы. Оларды қазіргі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдамады.
Қазақстанда қолданылатын вакциналар тізімінде қытайлық Sinopharm компаниясының БАӘ-де шығарылған Hayat- CoronaVac вакцинасы, қытайлық SinoVac, «Спутник Лайт» вакцинасы, сондай-ақ VeroCell препараты (дәл сол, бірақ Қытайда өндірілген) бар.