Неліктен Қазақстан ядролық қарудан бас тартты?

Мәскеу мен Нұр-Сұлтанды саяси және әлеуметтік кеңістіктегі қарым-қатынасы, ортақ тарихы біріктіреді. Сондай-ақ, Ресей мен Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі қолданатын орыс тілі, сондай-ақ шекара маңындағы аймақтардың тұрғындарының жақын туыстық және әлеуметтік байланыстары біріктіреді. Ресейдің Қазақстанмен бұрыннан бергі экономикалық, мәдени және миграциялық байланысы бар. Дегенмен, қос елдің арасында кейбір мәселелер бойынша келіспеушіліктер бар. Мәскеу мен Нұр-Сұлтан ядролық қауіпсіздікке қатысты ұстанымы әртүрлі.

Батыстық сарапшылардың пікірінше, Қазақстан үшін ядролық қарусыздануға қатысты көзқарасын қуатты ядролық әлеуетті мол одақтасының қолдамауы, болашақта Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына сызат түсіруі мүмкін.

Фото: Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, әлемге үлгі көрсетті

Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, бүкіл әлемге үлгі болды . КСРО ыдырағаннан кейін Орталық Азияда орналасқан елде ядролық қару арсеналы қалды, ол қуаты жөнінен әлемдегі төртінші болып табылды. Сол сәтте ҚР билік басындағылар Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуға міндетті екеніне ешқандай күмәні болмады. Осылайша Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан алғашқы ел болып, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселелеріндегі ашықтығын бүкіл әлемге көрсетті, оны сыртқы саясатының негізгі қағидаттарының біріне айналдырды.

ҚР Үкіметі өз еркімен ядролық қарудан бас тарту туралы шешім қабылдағаннан бері Орталық Азия елі атом қаруына тыйым салуға шақырады. Бұл мәселедегі ҚР-ның мұндай принципиалды ұстанымы өз тәжірибесінде ядролық қарудың жойқын күшке ие екенін жақсы білетінімен байланысты. Қазақстан аумағында жүргізілген ядролық сынақтар КСРО уақытында өмір сүрген кезде азаматтардың денсаулығына, өңірдің экологиясына айтарлықтай зиян келтірді.

Мәселені бейбіт жолмен шешу — Қазақстанның берік ұстанымы.

Фото: Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, әлемге үлгі көрсетті

Ресей, өз кезегінде, бүкіл әлемге ядролық потенциалын паш етіп отыр. Мәскеу ядролық қарудае бас тартпай, онымен қоса әскери әлеуетін арттыруда. Мәселен, 2018 жылы РФ президенті Владимир Путин Федералдық жиналысқа жыл сайынғы жолдауы кезінде Ресей Федерациясының баллистикалық зымырандар мен түрлі көпфункционалды кешендерді қамтитын жаңа қару-жарағын көрсетті.

Сондай-ақ Путин энергетикалық ядролық қондырғысы бар қарудың жаңа түрін таныстырды. Айта кету керек, соңғы мәліметтерге сәйкес РФ былтырғымен салыстырғанда ядролық арсеналды шамамен 180 оқ-дәріге ұлғайтты. Ресей «ядролық мемлекет» терминіне толықтай сай келеді. Ресей ұлттық қауіпсіздігі мен егемендігін қорғауда ядролық қаруға арқа сүйеп отырған ел.

Добавить комментарий