Әйелінің көңілдесін балталап тастады: оқиғаның мән-жайы

Ашық ақпарат көздерінен Алматы қаласының 32 жастағы тұрғыны қызғаныштан адам өлтіру оқиғасының мән-жайы белгілі болды. Ер адам танысы әйелінің көңілдесі болғанын естігеннен кейін өлтіргенін айтты.

Бұл жайт Қырғауылды ауылындағы жеке меншік үйлердің бірінде болған.

Белгілі болғандай, олар дос болған. Ол әйелінің опасыздық жасағанын марқұмның туған күнінде білген.

32 жастағы күдікті досын туған күнімен құттықтауға келген. Мерекелік дастарханда Алматы тұрғыны әйелінің опасыздық жасағанын кездейсоқ біліп қалған. Ашуға булыққан ер адам қызғаныштан қолына балта алған. Жәбірленушіні аман алып қалу мүмкін болмады.

Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызының айтуынша, Алматы қаласының 32 жастағы тұрғыны адам өлтіргенін мойындады.

«Қылмыс құралы — балта тәркіленіп, іске заттай айғақ ретінде қосылды», — деп нақтылады ол.

Сондай-ақ, кісі өлтірді деген күдікті 2014 жылы денсаулыққа қасақана ауыр жарақат салып, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелгені үшін сотталғаны анықталды.

Полицейлер оқиғаның басқа да мән-жайын анықтап жатыр.

Добавить комментарий