Атыраудағы жеке тұрғын үйлердің бірінде жылыту қазандығы жарылып кетті

Атырау қаласы Балауса ықшамауданындағы тұрғын үйде жылыту қазандығы жарылып кеті, өрт шықты. Зардап шеккендер бар.

Оқиғаның мән-жайы: 10 қараша күні түнгі 01:24-те минутта Атырау қаласының Балауса шағын ауданындағы 24 көшеде орналасқан жеке тұрғын үйде табиғи газындағы жылыту қазандығында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан жалпы көлемі 120 шаршы метр болатын тұрғын үй отқа оранды. Тұрғын үйдің төбе жабындысының және ішкі бөлмелерінің толықтай өртенуі болды, деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство хабарлағандай, Өрт 02 сағат 15 минутта оқшауланып, сағат 02 сағат 40 минутта өшірілді.

Жарылыс салдарынан 3 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндіруге 16 қызметкер мен алты бірлік DCHS техникасы, тоғыз адамнан тұратын жедел жәрдем бригадасы (үш бірлік техника), полиция департаменті (сегіз адам және үш бірлік техника) жұмылдырылды.

Добавить комментарий