Тоқаев Түркі кеңесінің саммитіне қатысу үшін Стамбулға аттанды

Қазақстан Президенті Ыстамбұлда өтетін Түркі кеңесінің отырысына қатысады.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұл қаласына жұмыс сапарымен барады», — деп хабарлады Уәли сейсенбі күні.

Саммит барысында сауда, цифрландыру, жасыл технологиялар және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, Түркі кеңесі аясында көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайтудың перспективалары қарастырылмақ.
«Мемлекет басшысы сапар аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр», — деді Уәли.

Добавить комментарий