Алматы қаласы бойынша ТЖД пешпен жылытылатын үйде тұратын отбасы көмірқышқыл газынан уланғанын хабарлады.
Өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматыда төрт адамнан тұратын отбасы көмірқышқыл газынан уланды. ТЖ көмірмен жылытатын пеш жарықтардың салдарынан болды, деп хабарлады қалалық ТЖД.
«05 қараша күні таңғы сағат 8.30-да Алматы қаласы ТЖД-ге Нұрлытау ықшам ауданында көмірмен жылытылатын пештің ақаулығы салдарынан төрт адамнан тұратын отбасы улы газдан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. 40 жастағы әйел, үш баланың анасы ауруханаға жатудан бас тартты, алайда оның балалары — 20 және 12 жастағы ұлдары, 11 жастағы қызы — орташа және жеңіл дәрежелі ауруханаға жатқызылды. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, олардың өмірі мен денсаулығына қатты қауіп төніп тұрған жоқ», — деп хабарлады ТЖД.
Тексеру барысында пеште жарықтар салдарынан үй-жайға улы газ түсуі мүмкін болғаны анықталды.
Осыған орай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 410-бабының 1-бөлігіне сәйкес, атап айтқанда, қатты отынмен жылытатын пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін үй жалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ТЖД пешпен жылытылатын үйлердің тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін еске салды
ТЖД атап өткендей, қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін орындау қажет:
Үй иелері жылыту пештерінің түтін мұржаларын, түтіндіктерін тікелей жылыту маусымының алдында, сондай-ақ жылыту маусымының ішінде күйеден тазартуы тиіс; үш айда бір рет- жылыту пештері үшін; екі айда бір рет – үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін. Шатырларда өтетін түтін арналары, сондай ақ барлық түтін құбырлары мен қабырғалары әктеледі.
Пешпен жылытуды пайдалану кезінде:
пешті қатты қыздыру.
жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды жас балаларға тапсыруға ;
пештерді жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және тез жанғыш сұйықтықтарды қолдану тыйым салынады.
Пешті қалау, жөндеу жұмыстарын тек білікті маман орындауы тиіс. Бұл жұмысты кездейсоқ адамдарға тапсырмаңыз. Жарықтары, қалауының зақымдануы бар пештерді пайдалану адам өмірі үшін қауіпті екенін еске салады.