Алматы облысында көмір бітіп қалды

Алматы облысында көмір тапшы. Қалған көмір алу үшін жүк көліктері ұзын-сонар кезекте тұр. Көтерме сауда жасайтындар бәрін алып кеткен.

Дизель отыны тапшылығынан кейін Қазақстан көмір жетіспеушілігіне тап болды. Алматы облысында да адамдар жылусыз отыр.

Қалған көмір Қапшағайда қымбат бағада сатылып жатыр. Саудагер Құралай Ақжолова көмірді Заречныйдан алдырып, оны бір апта күтуге тура келеді деп шағымданады. Жеткізу үшін көмірдің құнын есептемегенде 22 000 теңге төлеу керек. Қапшағайда көмір жоқ.

Қала әкімдігі Кербұлақ және Балқаш ауданында теміржол тұйықтарының болмауына байланысты көмір жоқ екені айтты. Сол аудандардың тұрғындары көмірді Қаршағайдан сатып алады. Ведомство көмір бір аптадан кейін жеткізілетінін растады.

Іле ауданы Қоянқұс ауылының тұрғындары да жылусыз отыр. Тұрғындар алдын ала төлем жасағанымен, үйлерге газ жүргізілмеген. Көмір аяқталуда, ал мердігер әкімдік құжаттарды кешіктірді деп шағымданады. Тұрғындарды газға қосу қазан айында аяқталуы тиіс болатын. Енді жыл соңына қарай қосамыз деп уәде беріп жатыр.

Қазақстанда жылыту маусымы басталғанда жыл сайын көмір бағасы қымбаттап, ол тапшы болады.

Добавить комментарий