Мәскеу Орталық Азия елдерімен ынтымақтаса отырып, геосаясаттағы рөлін нығайтпақ

2021 жылғы 31 тамызда Ауғанстаннан АҚШ қарулы күштері шығарылды, осылайша НАТО-ның «Бостандық туралы» және «Батыл қолдау» операциялары аяқталды. Бұл Ресейдің Орталық Азия өңірінде белсенді әскери іс-қимылдарын жандандыруына септігін тигізді. РФ елде қалыптасқан жағдайды геосаяси мүддесін қанағаттандыру үшін пайдаланады. Ресей сыртқы саясатында агрессивті әрекет еткені үшін қолдайсыз жағдайға тап болды.

Батыс тарапынан салынып отырған тұрақты санкцияларға байланысты дүниежүзілік қоғамдастықтың алдында РФ-ның жағдайы мүшкіл болып көрінеді. Сондықтан Ресейде билік басындағылар Орталық Азия елдеріне ықпалын арттыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Владимир Путин Ресейді аса держава мәртебесін қалпына келтіру бағытында әрекет етуді жоспарлап отыр.

Ресей билігі Ауғанстанда тәліптердің билік басына келуіне байланысты зор қауіп төніп тұр деп санайды. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Ауғанстандағы ахуал үлкен қарқынмен нашарлап бара жатқанын атап өтті. Ресейде әскери сарапшылар да бұл жағдайға қатысты белсенді пікір білдірді. Мәселен, Алексей Леонков Орталық Азия елдері «Талибан» содырларымен соғысатын болса, сыртқы күштің көмегінсіз жеңе алмайды деп есептейді.

Фото: Мәскеу Орталық Азия елдерімен әскери-саяси серіктестікті дамытып, геосаяси мақсатын көздеуде, деп мәлімдейді батыстық сарапшылар

АҚШ әскерлері Ауғанстан аумағынан толық шығарылғанға дейін Ресей «Термез» полигонында Өзбекстанмен жедел әскери оқу-жаттығу жиындарын өткізді, ол 2 тамызда басталған. Сондай-ақ, 5-10 тамыз аралығында «Харб-Майдон» полигонында үшжақты әскери оқу-жаттығулар өткізіліп, оған Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан қарулы күштері жұмылдырылды. Бiрлескен әскери оқу-жаттығулар Орталық Азия өңiрi мемлекеттерiмен жақындай түсуге мүмкiндiк береді. ҰҚШҰ сырттан төнетін қауіп-қатерден қорғап, тыныштықты сақтайтын болады. Осыған байланысты ҰҚШҰ өңірді лаңкестік қауіптен қорғайтын таптырмас органға айналады.

Кремль үшін ҰҚШҰ Орталық Азия аймағы мемлекеттерімен тығыс жақындасуы үшін стратегиялық алаңға айналды. Осылайша, Ресей басқарып отырған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мүшелері Тәжікстанда Ауғанстанмен арадағы шекараның маңында кезекті бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуларды аяқтады. Бұл Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасындағы ҰҚШҰ-ның тамыз айында Талибан билікті басып алғаннан кейінгі үшінші оқу-жаттығу болды.

Фото: Мәскеу Орталық Азия елдерімен әскери-саяси серіктестікті дамытып, геосаяси мақсатын көздеуде, деп мәлімдейді батыстық сарапшылар

«Мәскеу ығыз әскери-саяси серіктестік арқылы негізгі саяси шешімдерді қабылдау үшін Ауғанстандағы жағдайды ОА елдеріне қысым көрсету үшін пайдаланады», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий