Қазақстанда қант бағасының қымбаттағаны байқалады. Өңірлер бойынша ең арзан баға Таразда, ал ең қымбаты Нұр-Сұлтанда.
Қыркүйек айында қант келісі үшін орташа есеппен 284 теңгеден сатылған.
Бұл ретте ең жоғары баға Нұр-Сұлтанда — келісі үшін 320 теңге, Атырауда — 315 теңге, Павлодарда — 301 теңге.
Қантты ең арзан бағада Таразда сатып алса болады — келісі үшін 245 теңге.
Бір жыл ішінде Шымкентте қант бағасының күрт өсті — бірден 53,3%-ға, Түркістан облысында қант 45,1%-ға, Батыс Қазақстан облысында 44,9%-ға қымбаттады.
Бір жыл ішінде Алматыда қант бағасы 17,3%-ға қымбаттады.
Болжам бойынша, қант бағасы жыл соңына дейін 300-320 теңгені құрайды.
2021 жылғы 22 маусымда қант бағасы еліміздің батысында қымбаттағаны хабарланған болатын — бұл туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.