Қарағандыда белгісіз біреулер жол ережесін бұзған полицейден 150 мың теңге бопсалаған.
Қаскөйлер қызметтік көлікте жол ережесін бұзғаны туралы видеоны әлеуметтік желіде «таратпаймыз» деп уәде берген.
Дегениен, полиция қызметкері Қарағанды облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жүгінді. Аталған фактіні тәртіп сақшылары ҚР ҚК 194-бабы «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.
Арызданушыдан 150 мың теңге алған ер адам қылмыс үстінде ұсталды.
«Ұсталған күдікті жоғарыда аталған қылмыстық құқық бұзушылықты істеуге өзінің танысы себепкер болғанын мойындады. Екінші күдікті 70 мың теңгені алып жатқан кезде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Ұсталған адам бірнеше рет жол-көлік оқиғасы кезінде тәртіп сақшыларын арандатып, қызметкерлердің тікелей қызметтік міндеттерін орындауына, оқиға орнында жүргізілетін іс-шараларға кедергі келтіргені анықталды.