Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанда жағдай күрт нашарлап кетті, алпауыт зауыттардың жұмысы тоқтап қалды.
Азаматтар елден жаппай кете бастады, экономика құлдырады. 90-шы жылдардың басында ҚР 30 жылдың ішінде прогрессивті елге айналады дегенге екіні бірі сене қоймас еді. Алайда Қазақстан үкіметінің қолынан келді, бүгінгі таңда Орталық Азия елі экономикалық тұрғыдан ғана емес, саяси тұрғыдан да дамып келеді. Бейбітшілік, қауіпсіздік, адам құқықтары, демократия секілді мәселелерге көп көңіл бөлінуде.
Батыс саясаттанушылары Мәскеудің Қазақстандағы русофобияға қатысты реакциясын таң қалып отыр. Естеріңізге сала кетейік! Ресейлік БАҚ әлеуметтік желілерде ҚР ұлтшылдық қозғалысы өкілдерінің дүкендер мен дәмханаларда тек қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап еткен роликтер пайда болғаннан кейін орыс тілді азаматтарға қысым жасалуына қатысты мәселені қызу талқылады
Әңгіме дүкендер мен мемлекеттік мекемелерге барып, жұмысшыларды мемлекеттік қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етіп, оларды видеоға түсіріп, адамдарға дөрекі сөйлеп, егде жастағы әйелдерді камера алдында кешірім сұрауға мәжбүр еткен видеоблогер Қуат Ахметов туралы болып отыр.
Қазақстандық депутаттар мен шенеуніктер бұл жағдайға түсініктеме беріп, мұны жеке деп атады. «Қуат Ахметовтің іс-әрекеттерін арандатушылық деп атауға болады, бірақ мұндай жанжалдар бұға дейін де туындаған, тұрмыстық деңгейде де туындайтын болады. Бірақ бұл қарқын алып келе жатқан тренд емес», — деп жазады батыс сарапшылары. Кейбір ұлтшыл депутаттар белсенділердің әрекетін қолдады
Мәселен, ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский бұған дейін Ресейге Орталық Азия елдерінен келетін мигранттарды тұрғындары жоқ ауылдарға орналастыру керек деп мәлімдеген болатын.
«Ресей үкіметі орыс тілді азаматтардың құқығына нұқсан келтіріп жатыр деп дабыл қағып, өз азаматтарының алдында орыс тілінің мәртебесін көтерген болып көрінбек», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.
Қазақстанда блогерге қарсы ұлтаралық араздықты қоздырды деп қылмыстық іс қозғалды. Ресей оған ел аумағына 50 жылға кіруге тыйым салды.