Павлодар облысында 19 қазанда ұшты-күйлі жоғалып ағайындылар өлі табылды.
Бір апта бұрын олардың әпкесі ағайындылардың хабар-ошарсыз жоғалып кеткенін айтып жүгінген.
Полицейлер 5 қазан күні сағат 17:00 шамасында шаруа қожалықтарының бірінің шалғайдағы пунктінен шығып кеткенін анықтады.
Аталған факті бойынша полицияның барлық жеке құрамы мен шекаралас аймақтар дереу бағдар алды. Жедел-іздестіру тобы құрылды.
25 қазанда жазық даладан, бастапқы нүктеден 20 шақырым жерде 1967 жылы туған ағайындылардың бірінің зорлық-зомбылық белгісі жоқ денесі табылды. Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша өлімге «дененің қатты тоңуы» себеп болған.
26 қазан күні сағат 16:20-да Ақжол ауылынан 25 шақырым жерде зорлық-зомбылық белгілерінсіз 1985 жылы туған екінші ер адамның денесі табылды. Сараптама тағайындалды, — деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.