РФ аумағында Курш шығанағындағы шекараны заңсыз кесіп өткені үшін ұсталған Литва мэрі босатылды. Ол жанында болған екі серігімен бірге Литваға оралды.
Литва Сыртқы істер министрінің баспасөз жөніндегі өкілі Витауте Шмайжите-Кулешене ұсталғандардың арасында Клайпед ауданының мэрі Бронюс Маркаускастың болғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді.
«Ұсталған литвалық азаматтар Литваға аман-есен оралды», — деп мәлімдеді ол.
Бұған сыртқы саяси ведомство өкілінің айтуынша, литвалық тараптың үйлесімді әрекеті ықпал еткен. «Аталған процеске шекара мәселелері бойынша үкіметтің өкілі, консулдық қызметтің қызметкерлері белсенді қатысты», — деді Шмайжите-Кулешене. Ол ұсталғандардың арасында балық аулауды жақсы көретін Клайпед ауданының мэрі Бронюс Маркаускас болғаны туралы БАҚ-тың ақпаратын жоққа шығарған жоқ. «Бұл ақпарат нақтыланып жатыр», — деп атап өтті СІМ өкілі.