РФ-да тұратын өзбекстандықтар сайлауға белсенді қатысты

Республиканың Мәскеудегі елшілігіне президент лауазымына үміткерлерге дауыс беруге жүздеген азамат келді.

Ресей астанасында ауа райы жауын-шашынды болғанына қарамастан азаматтар саяси белсенділік танытты.

Естеріңізге сала кетейік! Жексенбі күні 2016 жылы мемлекет басшысы Кәрімов өмірден өткеннен кейінгі алғашқы сайлау өтті.

Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, ешқандай арандату әрекеті болған жоқ. Сайлаушылардың белсенділігіне келетін болсақ, оның айтуынша, сағат 08:00-де сайлау учаскесі ашылғанда ең жоғары дауыс беру белсенділігі байқалды. Азаматтар ертерек келіп, кезекке тұрды. Өзбекстан әнұраны айтылып, учаске ашылғаннан кейін адамдар ішке қарай кіре бастады.

«Біз үшін дауыс беру өте маңызды. Мен Мәскеуде жұмыс істеп жүргеніме екі жыл болды, әрине, дауыс беруге келдім», — деп атап өтті ТАСС тілшісімен болған сұхбатында учаскеге келген еңбек мигранты, Термез қаласының тумасы. Оның айтуынша, ол да көптеген таныстары сияқты Мәскеуде болсын не өз отанында болсын үнемі дауыс беруге келеді. «Біз мұнда ұзақ уақытқа қалуды жоспарлап отырған жоқпыз, бірнеше жыл жұмыс істеп, үйге қайтамыз», — деді ол.

Ресей аумағында сайлау учаскелері Мәскеуден бөлек Екатеринбург, Санкт-Петербург, Владивосток, Ростов-на-Дону, Новосибирск және Қазанда ашылды.

Добавить комментарий