Синоптиктердің болжамы бойынша ертең, 2021 жылғы 22 қазанда Қазақстанда ауа райы күрт өзгеруі мүмкін.
«Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын циклон жырасы мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайтын болады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады, тек Атырау, Маңғыстау облыстары ауа райы антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтстігінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, облыстардың басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі, облыстың солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болады, күндіз облыстардың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында және солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с шаңды дауыл соғады.