Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан энергетика дағдарысы Брюссельдің утопиялық қиялына байланысты туындады деп мәлімдеді. Саясаткердің айтуынша, олар еуропалық демократияның негізгі күші болып табылатын орта класын өлтіреді.
Естеріңізге сала кетейік! Бүгін Виктор Орбан ЕО саммитіне келді.
«Тиммерманс [Франс климат мәселелеріне жетекшілік етіп отырған Еурокомиссия басшысының бірінші орынбасары] мен басқа да адамдардың ұсынысы еуропалық демократияның негізі болып табылатын Еуропаның орта класын өлтіреді. Олардың утопиялық қиялдары бізді өлтіреді, энергия бағасына қатысты проблема осыдан туындап отыр», — деді Орбан.