Қазақстандық синоптиктердің хабарлауынша, бүгін ел аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 1-6 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1 градустан + 1 градусқа дейін, күндіз 14-16 жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы 4-6 градус, күндіз 17-19 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде 6-8 градус, күндіз 20-22 градус жылы болады.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 18-20 градус жылы болады.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 15-17 жылы болады.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10 градус, күндіз 16-18 градус жылы болады.
Қарағандыда жауын-шашынсыз, 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 12-14 жылы болады.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 13-15 жылы болады.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 2-4 градус, күндіз 15-17 градус жылы болады.
Қызылордада жауын-шашынсыз, 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 19-21 градус жылы болады.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы болады. Павлодар облысының оңтүстігінде түнде тұман түседі.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -2 градус суық, күндіз 12-14 градус жылы болады.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 17-19 жылы болады.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 14-16 жылы болады.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз 20-22 градус жылы болады.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10 градус, күндіз 15-17 градус жылы болады.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады.