Маңғыстау облысының әкімі стационарда жалған вакцинация төлқұжатын жасатқан науқастың қайтыс болғанын айтты.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Маңғыстау облысындағы ауруханалардың бірінде вакцинация төлқұжатын сатып алған әйел қайтыс болғанын хабарлады.
«Ол басқа өңірде болғанын және сонда вакцина салдырғанын айтты. Бірақ өкінішке қарай, әйел жансақтау бөліміне түсіп, қайтыс болды. Әрине, бұл жерде екі жақтың мәселесі бар. Біз өзімізді өзіміз алдап отырмыз. Вакцина салдырудан қорыққандықтан осылай болады», — деді әкім орынбасары Гүлмира Қалмұратова.
Шенеунік жалған иөлқұжаттың сатылуын жолын кесу мақсатында барлық вакциналау пункттеріне бейнебақылау камералары орнатылғанын атап өтті.
«Кезінде Маңғыстау облысында анықталған дерек бойынша ақпарат берілген. Полиция департаментінің мәліметінше, Ақтаудағы № 1 қалалық емханада мұндай дерек тіркелді. Өкінішке қарай, бұған дәрігерлер мен медбикелер қатысы бар болып шықты. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Одан басқа фактілер анықталған жоқ», — деді Гүлмира Қалмұратова.
Оның мәліметінше, биыл облыста COVID-19 жұқтыру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда бес есеге өскен.