РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) қатысушы елдердің СІМ басшыларының кездесуінде сөйлеген сөзінде НАТО Ауғанстаннан шыққаннан кейін өз әскерін Орта Азия елдеріне көшіріп, ауған босқындарының ағынын жәберуге ұмтылатынын айтты.
«Өкінішке орай, өңірдегі геосаяси жағдай оңайға түспей, оның жан-жақты көпжақты кооперация мен интеграция координаттары жүйесіне өтуін тежеп отыр. Біз жағдайды «қыздыруға», мемлекетаралық өзара іс-қимылдың қолданыстағы тетіктерін бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді көріп отырмыз», — деді ол.
Министрдің айтуынша, бұған сондай-ақ «қырғиқабақ соғыс пен тежеу саясаты тудырып тұрған тар форматты эксклюзивті құрамның құрылымдары мен әскери блоктар» қатысуда.
«Осы орайда Солтүстік Атлант альянсының Ауғанстаннан кейін Орталық, Оңтүстік немесе Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы басқа аймақтарға әскери күшін жіберіп, осы аймақтарға ауған босқындарының ағынын тудыруға деген ұмтылысын атап өтемін», — деп баса айтты ол.
Лавров НАТО-ның Ауғанстандағы жағдайға қатысты жауапкершілігінен бас ала қашып, мәселені шешімін табуды халықаралық қоғамдастыққа, ең алдымен көрші елдерге қалдырғанын атап өтті. АҚШ пен НАТО әскери күштері мамыр айында Ауғанстаннан шығарыла бастаған соң, тәліптер («Талибан» — Ресейде тыйым салынған террористік ұйым) шабуылдай бастады. Тамыз айының ортасында олар Кабулға соғыссыз кіріп, елді басып алғандарын жариялады.