Қазақстан: 2021 жылғы 12 қазанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райы нашарлайды деп болжап отыр. Олардың айтуынша, ертең, 2021 жылғы 12 қазанда ел аумағында тұман, көктайғақ, жаңбыр мен қар жауады.

Естеріңізге сала кетейік, республиканың батыс жартысы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында — жел күшейеді, оңтүстік-батысында — шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік жартысында және орталығында — тұман, солтүстігінде — көктайғақ, жаяу бұрқасын болады деп күтілуде.

«Қазгидромет» АҚ ертең қандай ауа райы күтілетінін болжады

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, солтүстікте, батыста көктайғақ, жаяу бұрқасын болады деп күтілуде.

Ақмола облысында түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде және батысында тұман түседі, облыстардың шығысы мен оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрып, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының шығысында және таулы аудандарында тұман, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының солтүстігінде тұман түседі, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қостанай облысының солтүстік-шығысында, түнде оңтүстігінде тұман түседі, күндіз Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болады.

Добавить комментарий