Иран билігі Мәскеумен диалог орнату ел саясатындағы басым бағыттардың бірі екенін мәлімдеді.
Иран СІМ басшысы Хосейн Әмір Абдоллахиян президенттердің тұрақты байланысы, сондай-ақ оның Мәскеуге сапармен келуі қос елдің қарым-қатынасы «өте тығыз әре ерекше» екенін көрсетеді
Тегеранның Мәскеумен диалог орнатуы ислам республикасы жаңа үкіметінің тату көршілік саясатының басым бағыты. Бұл туралы сәрсенбі күні Иранның сыртқы істер министрі Хосейн Әмір Абдоллахиян Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен өткен келіссөзде мәлімдеді.
«Біздің жаңа үкіметіміздің тату көршілік саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас», — деді ол.
Министр президенттердің тұрақты байланыстары, сондай-ақ оның Мәскеуге сапармен келуі қос елдің қарым-қатынасы «өте тығыз әрі ерекше» екенін көрсететінін атап өтті. «Екіжақты қарым-қатынастарымызда жаңа міндеттерге және табысты нәтижелерге қол жеткізу үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек», — деп жалғастырды ол.
Иран сыртқы саяси ведомствосының басшысы «халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзара іс-қимыл жақсы тәжірибе» екенін атап өтті. «Бізде әр түрлі салада екіжақты ынтымақтастық бар. Бүгін барлық салада ынтымақтастықты дамыту мәселесін көтеретін боламыз, — деп атап өтті ол. — Біз халықаралық құқыққа сәйкес сауда және соған байланысты бағыттар бойынша ынтымақтастығымызды дамыта аламыз деп есептейміз».
Иран СІМ басшысының айтуынша, ресейлік әріптесімен қазіргі келіссөздер «өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді көтеруге өте жақсы мүмкіндік береді». «Мен Оңтүстік Кавказ, Ауғанстан және Йемен жайлы айтып отырмын», — деді ол.