Ресейлік киноэкипаж ХҒС-ға жетті

Бүгін киноэкипаж мүшелері актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко «Союз MС-19» ұшқыш кемесінен Халықаралық ғарыш станциясына аттанып кетті.

Стансада «Союз МС-19» келгендерді ХҒС командирі Том Песке және экипаждың басқа да мүшелері, атап айтқанда Олег Новицкий мен Петр Дубров қарсы алды.

«Союз-2.1а» зымыраны сейсенбі күні Мәскеу уақыты сағат 11:55-те Байқоңырдың 31-ші ғарыш айлағынан ұшырылды. Ғарыш кемесі ХҒС «Рассвет» модуліне автоматты режимде қосыла алмады, сондықтан айлақтау телеоператорлық режимде орындалды.

«Союз МС-19» ғарыш кемесінде ХҒС-ға ғарышкер Шкаплеров, актриса Пересильд және режиссер Шипенко аттанды. Олар ғарышкерді құтқару үшін орбитаға ұшатын дәрігер әйел туралы ғарышта түсірілген алғашқы көркем фильмді түсіреді.

Добавить комментарий