Facebook пен оған тиесілі Instagram мен WhatsApp-тың жұмысында шыққан ауқымды ақау әлемді біраз уақытқа «сау» қылды, деп мәлімдеді АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден. Ол Twitter-дегі парақшасында әлеуметтік желілердің өшірілуін «жұмбақ» деп атады.
Facebook пен Instagram жұмбақ күйде өшірілді, ал әлем бір тамаша күнге сау болды, — делінген жазбасында.
4 қазанда сервистердің жұмысында шыққан жаһандық ақау шамамен жеті сағатқа созылды. Сондай-ақ, Telegram, Twitter, Google және TikTok қолданушылары да ақау шыққанын мәлімдеді.
Сноуден адамдарға баламалы байланыс арналарына болуы керек екенін айтты.