Қазақстанда пандемия балғалы бері 2021 жылғы 4 қазан таңертеңге дейінгі жағдай бойынша , коронавирустық инфекцияның 214 жағдайы тіркелді
Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖК сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Жанар Шайдуллина хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі,
Пандемия басталғалы бері және елімізде КВИ жағдайы анықтала бастағанда арнайы контингент арасында жаппай жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін барлық шараларды қабылдадық. Бүгінгі таңда КВИ тіркелген сәттен бастап — 2020 жылдың наурызынан бері 214 жағдай тіркелді, — деп хабарлады ол брифингте.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдануда — ҚАЖ мекемелеріне жұқпалы аурудың таралуын және жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін жеке құрамның 97%-ы, арнайы контингенттің 96,7%-ы екпе салдырды.
Брифинг барысында дәрі-дәрмек сатып алу және науқастарды емдеу үшін барлық қажетті қаражат бөлінгенін атап өтті.