Таяу Шығыста бейбітшіліктің орнауы Түркия мен Ресейдің қарым-қатынасына байланысты деп есептейді Ердоған

Түркия Президенті Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты нығайту Таяу Шығыста бейбітшіліктің орнауы үшін маңызды элементі болып табылады деп санайды. Бұл туралы Түркия президенті Ердоған президент Путинмен Сочиде өтіп жатқан келіссөздері барысында айтты.

«Ресей-Түркия қарым-қатынасын нығайту үлкен пайда әкеледі. Біздің Сириядағы бірлескен әрекеттеріміздің маңызы зор. Бұл аймақтағы бейбітшіліктің орнауы Ресей-Түркия қарым-қатынасына байланысты», — деді Ердоған.

Сонымен қатар, өткен аптада Түркия президенті ұшақ бортында түркиялық журналистерге РФ-ға сапарынан күтетінін айтты. Ердоғанның айтуынша, «Путин мырзамен Сочиде кездесу өте маңызды», себебі «Түркия мен Ресей — өңірде маңызды рөл атқаратын екі ел». Түркия президенті Путинмен кездесудің қорытындысы бойынша екіжақты қарым-қатынас тұрғысынан «маңызды шешім қабылданатынына» үміт білдірді.

24 қыркүйекте Ердоған Түркия Ресейден Сирияда «басқа тәсілдерді» қолданатынын күтетінін мәлімдеген. Ол сириялық әскерлер тарапынан Анкараға төнетін ықтимал қауіп себеп болғанын айтты. Ердоғанның пікірінше, бұл РФ-ның Түркияға деген «құрметінің» көрінісі болар еді.

Добавить комментарий