КХДР-мен әріптестік орнатқаны үшін айыпталған Ethereum-әзірлеуші сотта өзінің кінәсін мойындайтынын хабарлады.
«Ethereum Foundation» компаниясының бұрынғы зерттеушісі Вирджил Гриффит «Халықаралық төтенше экономикалық өкілеттіктер туралы» заңды бұзу үшін сөз байласқанын мойындады. Бұл туралы сот отырысына қатысқан журналист Этан Лу хабарлады.
«Вирджил өте эмоционалды болды. Сөз арасында терең дем алып тұрды. Ол кінәсін мойындауына не себеп болғаны белгісіз. Кеше ғана құжаттарға қол қойылды. Бұған Ethereum Foundation заңгеріне қашықтан сөйлеуге рұқсат бермеуі себеп болуы мүмкін», — деп жазды Лу.
Гриффит прокуратурамен бір айып бойынша келісімге келді. Бұл мәміле бойынша ол 63 айдан 78 айға дейін бас бостандығынан айырылады — сот 2022 жылғы 13 қаңтарда үкім шығаруы керек.
2019 жылдың сәуір айында Вирджил Гриффит Пхеньяндағы блокчейн конференциясында болды. Ол сол жылдың қараша айында тұтқындалып, КХДР-ға америкалық санкцияларды айналып өту үшін криптовалютаны қолдану және іс-шара барысында ақшаны жымқыру туралы ақпарат берді депген айып тағылды.
Сонымен қатар, БАҚ-тың хабарлауынша, ол әріптестеріне майнингке арналған жабдықтарды Солтүстік Кореяға жеткізуді жоспарлап отырғанын айтқан.
2020 жылдың қаңтар айында әпкесі мен ата-анасының құны $1 млн болатын жылжымайтын мүлкін кепілге қойғаннан кейн Гриффит бостандыққа шығарылған. Сол айда ол кінәсін мойындаудан бас тартты.
2021 жылдың шілдесінде әзірлеуші босап шығару шартын бұзып, қайта қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының соңында бірнеше ФТБ қызметкері Palantir бағдарламалық қамтамасыз етудің бұзылуына байланысты Гриффиттің жеке деректерге рұқсатсыз қол жеткізгені белгілі болды.