Венгрия: СІМ-ге Украина елшісі шақырылды

Венгрия СІМ Будапешттің «Газпроммен» келіссөзіне қатысты туындаған дауға байланысты Украина елшісін шақырғанын хабарлады.

Сыртқы істер министрі Петер Сийярто: «Біз келіссөз жүргізіп жатқан тараптың Украинамен ешқандай қатысы жоқ» деп мәлімдеді.

Венгрия СІМ басшысы Петер Сийяртоның сейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған мәлімдемесінде былай делінген: «Украина үкіметінің Еурокомиссия арқылы аталған келісімге қарсы бағытталған әрекеттері орынсыз», — делінген мәтінде. «Біз келіссөз жүргізіп жатқан тараптың Украинамен ешқандай қатысы жоқ», — делінген хабарламада. Сийярто Будапешт Киевтің мұндай әрекеттерін «[Венгрияның] егемендігі мен оның ұлттық қауіпсіздік мүддесін бұзу» деп қабылдайтынын атап өтті.

«Біз Украина елшісін Сыртқы істер министрлігіне шақырдық», — деп түйіндеді ол.

Добавить комментарий