Алматы арығынан табылған сәби сауығып келеді

Арықтан табылған сәби өзін белсенді ұстайды. Дәрігерлер өз бетінше тамақ ішетінін және тәбеті жақсы екенін хабарлады. Бала гипотермияға шалдығып, ауыр халде болған, қазір дәрігерлер орташа жағдайда екенін айтуда.

Табылған баланың салмағы 3000, бойы — 52 см. Ол Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Түсу кезінде гипотермия салдарынан ауыр жағдайда болды (дене температурасы 34,5). Қазір оның жағдайы орташа дәрежеде, дене қызуы қалыпқа келтірілген. Тамақты өздігімен қабылдайды, белсенді.

Екінші балалар ауруханасына ауыстыруға дайындалып жатырмыз, одан кейін сәби балалар үйіне ауыстырылады, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы полициясының хабарлауынша, бүгін түнгі сағат бірде арықтан бала табылған. Қазір құқық қорғау органдары жаңа туған нәрестенің анасын іздеуде.

Нәрестенің биологиялық анасы туралы кез келген ақпаратты білетіндерге полицейлер ішкі істер органдарының кез келген бөлімшесіне дереу хабарласуды сұрайды.

Добавить комментарий